Loading...

Сәкен Сейфуллин (1894-1938)

  • Ақын проза, драматургия, әдеби сын және әдебиеттану саласында да біраз еңбек етті. 

  • қазақтың ақыны, жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекет қайраткері.
  • Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

  • 1914 жылы Қазан қаласында ақынның «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. 

  • 1936 жылы қаламгер қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. 

  • Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 

  • Қаламгер 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 

  • 1918 жылы сәуірде жазушы «Жас қазақ марсельезасын» жазды. Сол жылы 1 мамырда ақынның «Бақыт жолында» атты пьесасының қойылымы көрсетілді.

  • Жазушының шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылған. 

  • Жазушы өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау», «Қызыл ат» дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген.